Пресс-центр

Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 115 – жылдығына арналған галереяның негізгі қорындағы туындылардан жинақталған «Дара тұлға» атты көрмесінің ашылу салтанаты

Категория: Новости
Дата: 18.01.2019
Просмотры: 498 Печать страницы
Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 115 – жылдығына арналған галереяның негізгі қорындағы туындылардан жинақталған «Дара тұлға» атты көрмесінің ашылу салтанаты

2019 жылдың қаңтар айының 18 күні Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекеме «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында. 

  Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің  115 – жылдығына арналған галереяның негізгі қорындағы туындылардан жинақталған «Дара тұлға» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

   Қастеев Әбілхан (1904-1973) жылдардағы қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері Алматы облысы  Панфилов ауданы, Шежін ауылы. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. 1929-1936 жылдары Москвадағы көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды.

   1944 жылы Қазақстанның халық суретшісі атағын алды.

   1945-1956 жылдары Қазақстан Суретшілер одағы басқармасның төрағасы.        

Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрлысында жұмысшы болып бастады.

   Әбілхан аға қол өнеріне, онан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі.

    Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасы-мен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол - туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер. Бүгінгі көрмеге Жетісу жерінің танымал суретшілерінің ең үздік туындылары қойылып отыр.