Пресс-центр

Тәуелсіздік күніне арналған «Қадам» атты ҚР жас суретшілер одағының туындыларынан жинақталған көрме

Категория: Новости
Дата: 13.12.2018
Просмотры: 328 Печать страницы
Тәуелсіздік күніне арналған «Қадам» атты ҚР жас суретшілер одағының туындыларынан жинақталған көрме

2018 жылдың желтоқсан айының 13 күні Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекеме «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында. 

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған, Тәуелсіздік күніне  арналған «Қадам» атты ҚР жас суретшілер одағының  туындыларынан жинақталған көрменің ашылу салтанаты өтті.

    Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.  Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 27 жыл. Жиырма жеті жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 
   Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт - сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
     Бүгінгі ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған көрмеге ҚР Жас Суретшілер Одағының төрағасы Нұрлан Қаленұлы Сатаев, мүшелері Тұрғын Абдурахман, Алмас Жұмағалиев, Әсел  Момбекова, Әлия Тлеуханова, Үмітжан Нұрымова, Фериза Сақтағанова, Ақерке Дүйсенбекова, Өмірзақ Қуаныш, Хаши Нұрдана және Әсем Алимбаева сынды кәсіпқой жас суретшілердің бейнелеу өнерінің түрлі жанрында жазылған  20 – дан  аса туындылары ұсынылып отыр.

  Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын көрмені тамашалауға шақырамыз!