Пресс-центр

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты көрме.

Категория: Новости
Дата: 30.11.2018
Просмотры: 294 Печать страницы
ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты көрме.

Бүгін, 30 қараша 2018 жылы Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекеме «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында. 

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» № 28 мектеп оқушылары көрменің ашылуын тамашалап көрме экспозициясына ризашылықтарын білдірді.

   Тұңғыш Президент күні 2011 жылды 10 желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке.

     Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті. Міне, осынау тарихи күні қазақтың маңдайына Нұрсұлтандай ұлт перзентін жазды. Бүкіл халықтық сайлауда дауыс берушілердің 98,7 даусына ие болып бірауыздан ел Президенті атанды. Қазақстанның тағдырын өз қолына алған ұлт көшбасшысы дәл сол жылы 16 желтоқсанда бабаларымыздың арманына айналған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл елге жариялау бақытына ие болды. Ол елге тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде де үлкен құрметке ие.