Пресс-центр

«Рухани жаңғыру – Ұлттық кескіндеменің қалыптасуы» атты семинар

Категория: Новости
Дата: 29.11.2018
Просмотры: 378 Печать страницы
«Рухани жаңғыру – Ұлттық кескіндеменің қалыптасуы» атты семинар

«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі мен «Көркемөнер галереясы» МКҚК

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шеберлер қалашығы» атты қолөнер шеберлерінің көрмесінің және шеберлік сабақтары, «Рухани жаңғыру – Ұлттық кескіндеменің қалыптасуы» атты семинар 2018 жылдың 29 қараша күні сағат 11:00 де 7 шағын-ауданы, 12 үй, «Көрме кешенінде» өтті.

     Көрмеге Жетісу өңіріне танымал 17 қолөнер шеберлері (зергер, ұста, қыш, киіз басу, кестеші, т.б.) қатысады. Мұнда шеберлердің қолөнер туындыларын тамашалап, ұсталық, зергерлік өнерінен, ағаш пен тері өңдеуден, қыш бұйымдар жасау мен киіз басу, біз кесте өнерінен шеберлік сабақтары болды.

 Қазақтың көркемөнерін жас ұрпаққа баулуға халық шеберлерінің еңбегі орасан зор. Олар өзінің меңгерген шеберлігін, ұрпақтарына үйретіп, мұра ретінде қалдырып отырған.

Рухани байлықты қоғамдық ортада тұрған көркем өнерінен алып азық етсе, бүгінгі және келер ұрпақтың өз елдігімен болашағын болжауына күмән келтіре алмаспыз. Ең бастысы қазақ көркемөнерінің табалдырығында тұрған жас буыннан ой өрісінің биіктігін, эстетикалық көзқарасын, ұлттық рухты, өзіндік даралық дағдысын, әдіс, шеберлікпен қоса жауапкершілікті көргіміз келеді.