Пресс-центр

Астана қаласының 20- жылдығы аясында Жаркент қаласындағы «Жаркент арт студио» жасөспірімдер бейнелеу өнер студиясының «Жарқыраған балалық сезім» атты жинақталған көрмесі

Категория: Новости
Дата: 23.11.2018
Просмотры: 498 Печать страницы
Астана қаласының 20- жылдығы аясында Жаркент қаласындағы «Жаркент арт студио» жасөспірімдер бейнелеу өнер студиясының «Жарқыраған балалық сезім» атты жинақталған көрмесі

2018 жылдың қараша айының 31 күні Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекеме «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында. 

    Астана қаласының 20- жылдығы аясында Жаркент қаласындағы «Жаркент арт студио» жасөспірімдер бейнелеу өнер студиясының «Жарқыраған балалық сезім» атты жинақталған көрмесінің ашылу өтті.

   Қазіргі таңда Отанымыз күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін, мектептердегі жас ұрпақты тәрбиелеп, оқыту мәселесінің жаңа қарқынмен дамуға бет алуынан байқауға болады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру саласын дамытудың алдағы онжылдықтарға арналған бағдарламаларын қарқынды жүзеге асыру  міндеттері межеленді.

    Мектеп оқушыларының бейнелеу өнері арқылы танымдық іс-әрекеттерін арттырудың маңызы жоғары болып саналады. Олардың кеңістіктік ойлауын дамыту бүкіл дүниетанымын қалыптастыруға ықпал жасайды. Оқушыларға білім мен тәрбие беруде бейнелеу өнерінің оқуға қызығушылықтарын арттыруға тигізер әсері күшті. Олардағы оқуға қызығушылықтың негізінде қалыптасатын оқу іс-әрекетінің өнімдері білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда бейнеленеді. Сөйтіп, бұл оқу іс-әрекетінде тұлғаның барлық қажетті сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. 

    Бүгінгі көрмеге «Жаркент арт студио» жасөспірімдер бейнелеу өнер студиясы  балаларының 140 – қа жуық жұмыстары қойылып отыр.

    Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын көрмені тамашалауға шақырамыз!