Пресс-центр

Мастер класс

"Ұрпақтар сабақтастығы" атты суретш і- шебер Тлеш Намазбековтың шеберлік-сабағы.
Подробнее Просмотры: 85 Категория: Афиша Дата: 10.04.2020

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Сурет әлеміндегі Абай бейнесі»

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Сурет әлеміндегі Абай бейнесі» атты облыстық кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған көрмесіне онлайн экскурсиясы. Галереяның үшінші қабатында ғұлама, ойшыл,ақын, ағартушы – Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Алматы облысының Алакөл, Балхаш, Ақсу, Райымбек, Кеген, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар, Панфилов, Кербұлақ, Ескелді аудандарының және Текелі, Талдықорған қалаларының 50-ден аса кәсіпқой суретшілерінің 100-ге жуық туындылары қойылып, көрермендер назарына ұсынылып отыр.
Подробнее Просмотры: 380 Категория: Новости Дата: 10.04.2020

"Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында онлайн режимінде экскурсия жүргізілді.

1 сәуір 2020 жылы "Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында онлайн режимінде экскурсия жүргізілді. 1950 жылы ашылған "Пионер үйіне" 2002 жылы Алматы облысының әкімінің қолдауымен күрделі жұмыстар жүргізіліп, "Көркемөнер галереясы" ашылды. Ашылу салтанатына Елбасы, тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев қатысты. Галерея 3 қабаттан, 10 экспозициялық залдардан тұрады. Жыл сайын 30 жуық көрмелер, нақтырақ айтқанда жеке көрмелер, жинақталған көрмелер мен жылжымалы көрмелер және байқаулар ұйымдастырылады. І қабатта галереяның негізгі қорындағы туындылар қойылған. Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында кәсіпқой суретшілердің 2017-2018 жылы Халықаралық пленэр өткізілді. Пленэр Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей және Қытай Халық Республикаларының кәсіпқой суретшілері қатысты. Галерея...
Подробнее Просмотры: 212 Категория: Новости Дата: 02.04.2020

«Менің анамның бейнесі» атты көрме - байқауы

4 наурыз 2020 жылы,8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған мектеп оқушылары, студенттер және кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған«Менің анамның бейнесі»атты көрме – байқауы өтті.Байқауға 100 астам туындылар қойылды. Қатысушыларды Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Көлбаев Марлен Қапашұлынқұттықтап, марапаттады.
Подробнее Просмотры: 305 Категория: Новости Дата: 05.03.2020

«Ұлттық қолөнер – ата-баба мұрасы»

28 ақпан 2020 жылы «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Көркемөнер галереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында. Кәсіпқой қолөнер шебері Жамила Есимованың «Ұлттық қолөнер – ата-баба мұрасы» атты Еріктілер жылы аясында ұйымдастырылған жеке көрмесі өтті. Көрмеге 100-ден астам қолөнер туындылары қойылды. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы, академик, профессор Ермұхан Жүнісхан, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының, ҚР «Көркем академиясының» корреспондент-мүшесі Баримбеков Жақан Шелбайұлы сөз сөйлеп құттықтады.
Подробнее Просмотры: 262 Категория: Новости Дата: 02.03.2020